Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Өнегелі 15 минут» аясында өткен көңілді үзіліске 5 «Б» сынып оқушылары қатысты

ЖББ Шахта мектебінде «Өнегелі 15 минут» аясында өткен көңілді үзіліске 5 «Б» сынып оқушылары қатысты. Іс-шараны ата-ана Ығылымова Гүлмираш ұйымдастырып, оқушыларға ұлттық ойын түрлерін ұсынды.

Балалар асық ату мен бес асық ойындарын ойнап, ұлттық мұрамыздың қызықты қырларымен танысты. Сонымен қатар, ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні мен жас ұрпақ үшін маңыздылығы түсіндірілді.

Бұл іс-шара оқушылардың сергектігін арттырып қана қоймай, қазақ халқының салт-дәстүріне деген қызығушылығын оятып, ұлттық құндылықтарды бағалауға тәрбиеледі.







Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено