"Отбасылық демалыс – болашаққа инвестиция" атты эстафета аясында отбасылық спорттық сайыс өтті
2025 жылғы 16 қыркүйек күні мектебімізде 6-сыныптар арасында "Отбасылық демалыс – болашаққа инвестиция" атты эстафета аясында отбасылық спорттық сайыс өтті.
Сайыстың мақсаты – отбасылық құндылықтарды нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және оқушылар мен ата-аналар арасындағы тығыз байланысты арттыру.
Бұл тартысты бәсекеде өз белсенділіктерімен көзге түскен отбасылар: І орын – Мерешовтер отбасы ІІ орын – Сұлтановтар отбасы III орын – Мұратовтар отбасы Барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз!
Отбасылар арасындағы бірлік пен серіктестік – ұрпақ тәрбиесінің берік іргетасы.