Меню KDT

Новости

Главная Новости

2025 жылдың 15- қыркүйек күні мектебімізде 8-сынып ата-аналарының «Адал азамат тәрбиелеудегі жауапты ата-ана, қолдаушы ұстаз және қауіпсіз мектеп» тақырыбында жиналысы өтті

Жиналысты сынып жетекшілері Момынова Нұржамал, Төлебай Гүлнұр, Отебаева Асем ұйымдастырып, жүргізді. Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдерді адалдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеуде ата-ана мен ұстаздың бірлескен еңбегін күшейту және мектептің қауіпсіз орта қалыптастырудағы рөлін арттыру болды.

Кездесу барысында ата-аналар мен оқушыларға арналған түрлі тренингтер, пікірталастар өткізілді. Қатысушылар бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі, ұстаздың қолдауы және мектептің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдары туралы ой бөлісіп, тәжірибе алмасты.

Жиналыс ата-аналар мен мектеп арасындағы өзара байланыс пен түсіністікті нығайтып, оқушылардың тұлғалық дамуына ортақ жауапкершілікті арттыруға ықпал етті.







Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено