"Мен және менің ұстазым" атты экологиялық челлендж
Бұл бастама ұстаздарға құрмет пен алғыс білдіру,өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік мәдениетін тәрбиелеу,сонымен қатар "Адал азамат" бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында табиғатқа жауапты көзқарас қалыптастыру және экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталды.
Челленджге қатысқан білім алушылар өз ұстазымен бірге Сарай ғимаратының аумағына жеміс ағашының көшеттерін отырғызып,қоршаған ортамыздың тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.Челленджде 8-14 жас аралығындағы 120 бала қамтылып,ұйымның 40 ұстазы мен ұйым басшысы Жұмашева Жанаргүл Бекболатқызы қатысты.
Ұйым басшысы тал егу бір мәртелік қана шара емес,оны уақытылы суарып,күту бар,соның өзі өмір заңдылықтарын тереңірек түсінуге үйрететіндігін атап өтті. Бұл акция бірліктің,экологиялық сананың және мұғалім мамандығын құрметтеудің жарқын үлгісіне айналары анық. "Мен және менің ұстазым" экологиялық челленджі Солтүстік Қазақстан облысының қосымша білім беру ұйымына жолданды.