Іс-шараға "АМАНАТ" партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Анар Шамшадинова және қалалық мәслихат депутаты Гулмира Абишева қатысып,ұлағатты ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтап,ыстық лебіздерін білдірді. "Ұстаз-адам жанының сәулетшісі,болашақтың бағдаршамы.Ұстаз еңбегінің арқасында еліміздің ертеңі-жас ұрпақ тәрбиеленеді.Сіздердің еңбектеріңіз өлшеусіз,қоғамдағы мәртебелеріңіз әрқашан биік",-деп атап өтті Анар Шамшиденова. Мерекелік кеш барысында бірқатар ұстаздар "АМАНАТ" партиясы облыстық филиалының төрағасы Нұрбек Қарасаевтың және білім басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ, "АМАНАТ" партиясының "Белсенді қызметі үшін" төсбелгісі Оқушылар сарайының директоры Жанаргүл Жұмашоваға салтанатты түрде табысталды. Іс-шара ұстаздарға арналған мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.