Қазақстан мәдениетіне өлшеусіз, өшпес үлес қосқан композитор, ән өнерінің майталманы Әбілахат Еспаевтың туғанына 100 жыл толуына орай, мектебімізде мәдени-танымдық, тәрбиелік іс-шара өтті. Кітапханашы Баймульдина Г.К. ұйымдастырған танымдық кездесуге 5-сынып оқушылары белсене қатысып, композитордың өмірі мен шығармашылығы туралы тың мағлұматтар алды. Іс-шара барысында сазгердің "Ана туралы жыр", "Маржан қыз", "Жайдарман" сияқты жүрекке жақын әндері туралы сөз қозғалды.Оқушылар сазгердің қазақ музыкасына қосқан үлесін терең түсініп, ұлттық өнерге деген құрметтерін білдірді.