Қазан айының тоғызыншы жұлдызында қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау айлығының жұмыс жоспарына сәйкес "Балалар кітапханасы" жобасы аясында зейнет жасындағы мектеп ұстаздары мен қызметкерлері және оқушыларның қатысуымен "Бірге оқимыз" акциясы ұйымдастырылды. "Бірге оқимыз" әдеби-танымдық акциясы – ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтып, кітап оқуға деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталды.Қарттарымыз балалармен бірге кітап оқып, естеліктерімен бөлісті, ал оқушылар аға буынның өнегелі сөздерінен рухани нәр алды.Мұндай шаралар – ұрпақ сабақтастығының жарқын көрінісі! Оқу – білімнің кілті, ал үлкенді тыңдау – тәрбиенің негізі!