"Тең мүмкіндіктер" спорт фестивалі
"Кедергісіз болашақ" жобасы аясында ұйымдастырылған "Тең мүмкіндіктер" спорт фестивалінің аудандық іріктеу кезеңі 3–4, 5–6 және 7–8 сынып оқушылары арасында өткізілді. Фестивальдің мақсаты — әлеуметтік белсенділікті арттыру, сенім мен өзара сыйластықты нығайту, қоғамды дамыту.
Аталған жарыстарға қатысқан Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебінің оқушылары келесі нәтижелерге қол жеткізді:
Жалпыкомандалық есеп пен "Бочча" жарысы бойынша мектеп II орын иеленді.
"Көңілді старт" жарысы бойынша III орын жеңіп алған 3-сынып оқушылары:
Амангелді Алинұр
Мереке Әмір
Есенбай Ералы
7-сынып оқушылары арасынан:
II орын — Керімхан Рамазан
III орын — Серік Әли, Кенжебеков Арсен
Бұл жетістіктер – оқушылардың белсенділігі мен табандылығының, сондай-ақ мектеп ұжымының үйлесімді жұмысының айқын нәтижесі.