Іс-шараның мақсаты-балалардың жол қозғалысы ережелері туралы білімдерін арттыру,қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және жолда жүру кезінде сақтық шараларын үйрету болды. Балалар қызықты ойындар,сұрақ-жауаптар мен бейнематериалдар арқылы жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің мінез-құлқы туралы мағлұмат алды. Сонымен қатар,оқушылар жол белгілерін танып,рөлдік ойындар арқылы өз білімдерін бекітті. Бұл іс-шара балалардың күнделікті өмірде қауіпсіз жүріп-тұру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған пайдалы әрі әсерлі сабақ болды.