«Сиқыршылар» тақырыптық іс-шарасы Мектеп жанындағы жазғы лагерьде балалардың шығармашылық ойлау қабілеті мен қиялын ұштай түсуге арналған ерекше бір күн өтті.Бұл – сиқыр мен қиялға толы, көңілді әрі шабытты «Сиқыршылар» тақырыптық іс-шарасы болатын. Балалар сиқыр әлемінің құпиясын ашуға ұмтылып, белсенді қатысты.Олар «сиқырлы» заттарды жасап, жұмбақтарды шешу арқылы логикалық ойлауын шыңдады. Әрбір баланың көзі жанып, жүзінде шаттық нұры ойнап тұрды. Іс-шара барысында лагерь алаңы ертегі еліне айналғандай әсер қалдырды. Балалар өздерін нағыз сиқыршы сезініп, ерекше атмосфераға бөленді. Бұл күн – балалар үшін тек ойын-сауық қана емес, өздерін танып, еркін шығармашылыққа қадам басқан ерекше сәт болды. Әр қатысушы жағымды эмоциялар мен бірлікке, еркін өзін көрсету мүмкіндігіне ие болып, лагерьден ұмытылмас әсерімен оралды.