Меню KDT

Новости

Главная Новости

"Математика пәні мұғалімі орыс сыныпт арына" лауазымы бойынша ұсыным хаттамасы

№6 Х А Т Т А М АСЫ
Қатысқандар-6                                                            05 қыркүйек, 2024 жыл
Қатыспағандар-жоқ
Күн тәртібінде:
1. Математика пәні орыс сыныптарына 1 бірлік, тұрақты лауазымына кандидатты ұсыну туралы.
2. Тыңдалды: Күн тәртібіндегі мәселе бойынша, директрдың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары, конкурстық комиссия төрайымы К.Б.Ажибекова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындауға конкурс өткізу» туралы айтып өтті. Конкурс жарияланғаннан кейін конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткер хабарландыруда көрсетілген құжаттарды бізге қағаз түрінде ұсынып отыр. Қатысушы кандидат Сармурзаев Бахтияр Курманбековичтың білімі бойынша дипломын, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты, біліктілігін арттыру курсының сертификаттарын, біліктілік санаты туралы құжаттардың көшірмелерін және басқа да талап етілген құжаттардың барлығын өткізді деп мәлімдеді.
3. Сөйледі: Комиссия мүшесі Г.М.Бахбергенова конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидаттың құжаты талапқа сай жинақталғанын және біліктілік санаты «педагог-зерттеуші» екеін айтты. Конкурстық комиссия мүшелері әңгімелесу барысында тағы да басқа сұрақтарын беріп, жауабын алды. Комиссия мүшелері, математика пәні орыс сыныптарына лауазымына Сармурзаев Бахтияр Курманбековичтың құжаттарын талапқа сай деп тауып, 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың бағалау парағын» толтырып, өлшем-шарттардың талаптарына сай деп бағалады.
Шешім: 1. Конкурстық комиссия мүшелері, математика пәні орыс сыныптарына лауазымына құжат тапсырған кандидат Сармурзаев Бахтияр Курманбековичтың құжаттары «Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың бағалау парағының» өлшем-шарттарының талаптарына сәйкес 14,5 балл жинап, конкурстан өтті деп есептелсін.
2. Математика пәні орыс сыныптарына бос лауазымына ұсынылсын.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено