Психологиялық денсаулық онкүндігі аясындағы жоспар бойынша, әлеуметтік педагог Науанова Мариям Жарасовна «Мейірімділіктің бөлшегін өзіңмен ал» атты акция өткізді. Кабинеттердің есіктеріне жылы тілектер мен шабыттандыратын сөздер жазылған парақшалар ілінді. Әркім өзімен бірге ізгіліктің бір бөлшегін ала алды, себебі кей кезде бір ғана жылы сөз - адамның көңіл күйін бір күнге жақсарта алады!