Педагог-психолог Оксана Викторовна мектепке дейінгі даярлық сынып оқушыларымен «Қуаныш неге ұқсайды?» тақырыбында ойын өткізді. Сабақ барысында балалар өз сезімдерімен бөлісіп, қуаныш сезімін тудыратын бейнелер мен ұқсастықтарды атады. Оқушылар сабаққа белсенді қатысып, қуанышты - күнге, күлкіге, гүлдерге, достарға және сыйлықтарға ұқсатты.
Бұл ойын балаларға өз эмоцияларын жақсырақ түсінуге, қиялдарын дамыту мен топта жағымды көңіл-күй қалыптастыруға көмектесті.