Мектепте оқушылардың эмоциялық сана-сезімдерін дамыту мен өз сезімдерін білдіру қабілетін арттыруға бағытталған «Көңіл-күй экраны» атты психологиялық акциясы өтті. Педагог-психолог Майраш Байжановна балаларға өз көңіл-күйлерін жазып, стикерді экранға жапсыруды ұсынды. Әр оқушы өзіне ұнаған түсті таңдап, бүгінгі көңіл-күйлері жайында жазды.
Мұндай шығармашылық әдіс балаларға өз эмоциялары туралы ойлануға, олармен бөлісуге және мектепте жағымды атмосфера қалыптастыруға көмектесті.