Республика күні мен Мемлекеттік Егемендік туралы Декларацияның 35 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары аясында "Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі" КММ-де «Жастар және жасыл дәстүр» жобасы шеңберінде маңызды экологиялық шара өтті.Көркем еңбек пәні мұғалімі Касымов К.С. мен 9-сынып оқушылары "Тәуелсіздік аллеясы" атты ағаш отырғызу акциясына белсене қатысып, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін нақты іспен дәлелдеді. Бұл шараның мақсаты – жас ұрпақты табиғатты аялауға, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу, сондай-ақ ел Тәуелсіздігінің маңызын ұғындыру.