Меню KDT

Новости

Главная Новости

24 қазан 2025 жылы 9-сынып оқушыларымен Қазақстан Республикасы күніне орай «Не? Қайда? Қашан?» атты интеллектуалдық-танымдық сайыс өткізілді.

24 қазан 2025 жылы 9-сынып оқушыларымен Қазақстан Республикасы күніне орай «Не? Қайда? Қашан?» атты интеллектуалдық-танымдық сайыс өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың еліміз туралы тарихи, мәдени және географиялық білімдерін кеңейту, Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктеріне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру, логикалық ойлау, талдау және топпен жұмыс жасау дағдыларын дамыту, сондай-ақ оқушыларды отансүйгіштікке, бірлік пен достыққа тәрбиелеу болды.

Сайыс «Не? Қайда? Қашан?» ойыны форматында ұйымдастырылып, оқушылар үш командаға бөлінді: «Тәуелсіз ұрпақ», «Рух биігі», және «Ұлы дала балалары». Әр команда Қазақстанның тарихы, мәдениеті, рәміздері мен белгілі тұлғалары туралы күрделі сұрақтарға жауап беріп, өз білімін ортаға салды.

Ойын барысында оқушылар қара қорап ішіндегі түрлі заттарды тауып (ту, домбыра, карта, кітап және т.б.) сұрақтарға жауап іздеу арқылы сыни ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған тапсырмаларды орындады. Сайыс қызу әрі тартысты өтті. Әр топ өз білімін, тапқырлығын және ұйымшылдығын көрсете білді.

Қорытындысында ең үздік нәтиже көрсеткен команда "Рух биігі" өздерінің көш басшысы Кеншинбай Алтыныммен жеңімпаз атанып, барлық қатысушылар тәтті сыйлықпен марапатталды.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено