Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МҚКҚ ҚР ғылым және жоғары білім министрлігі «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен өткен «Ұлттық диктант» жобасының аясында 29 қазан күні Сұлтанбек Қожанов атындағы №64 мектеп-лицейінде мектеп педагогтары мен кіші қызметкерлерінен диктант жұмысы алынды. Диктант жобасына ұжым қызметкерлерінен 136 адам қатысты.
«Ұлттық диктант» жобасының негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің беделі мен құрметін арттыру, сондай-ақ азаматтардың сауатты жазу дағдысын жетілдіру болып табылады.