🎵 "Саз әлеміндегі жұмбақтар" зияткерлік сайысы 🎵 Эстетика, дене тәрбиесі және АӘД онкүндігі аясында 2025 жылдың 10 қазан күні музыка пәні бойынша 5-6 сынып оқушылары арасында "Саз әлеміндегі жұмбақтар" атты сыныптан тыс зияткерлік сайыс өткізілді. Іс-шараны музыка пәнінің мұғалімі М. Аринова ұйымдастырып, жүргізді. Сайыс барысында оқушылар ұпай жинау арқылы жасырылған әуендерді анықтап, музыкалық жұмбақтарды шешіп, аспаптарды танып, танымал композиторлардың шығармаларын ажырата білді. Ойын қызықты да мазмұнды өтті. 🏆 Сайыс нәтижесі: Бас жүлде – 5 “А” сыныбы І орын – 6 “А” сыныбы ІІ орын – 6 “Ә” сыныбы ІІІ орын – 5 “Б” сыныбы Жеңімпаздар мен қатысушыларға дипломдар мен тәтті сыйлықтар табысталды. Оқушылардың музыкалық сауаттылығы мен тапқырлығы жоғары деңгейде көрінді. #СазӘлеміндегі_жұмбақтар #ЭстетикаОнкүндігі