Меню KDT

Новости

Главная Новости

Көңілді үзіліс: Ертегілердің тереңіне үңілдік!

Көңілді үзіліс: Ертегілердің тереңіне үңілдік!"  10.10.2025 ж.күні Эстетика, дене, АӘД онкүндігі аясында оқушыларымыз ертегілердің қыр-сырына үңілді! Олар әр түрлі ертегілерден алынған үзінділер мен суреттерді қарап, қай ертегі екенін анықтап, сол туралы өз ойларын ортаға салды. 💡 Бұл іс-шараның мақсаты – оқушылардың қиялын дамыту, қазақ халқының бай ауыз әдебиетімен танысу және сол арқылы өткен мен бүгінді байланыстыру. Іс-шара барысындағы қызықты сәттер: Оқушыларымыз "Бауырсақ", "Алтын сақина", "Шал мен бала" сияқты қазақ ертегілерін талдап, оларды бейнелеген суреттерден анықтап, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Әр суретте ертегінің маңызды сәттері мен персонаждары көрсетілген болатын, ал балалар сол арқылы ертегілердің мағынасын терең түсініп, өз түсініктерін бөлісті. #эстетикадене_АӘДонкүндік



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено