Меню KDT

Новости

Главная Новости

🚨 Цифрлық әлем

🚨 Цифрлық әлем – шексіз мүмкіндік пе, әлде жасырын қауіп пе? 7-сынып оқушылары сынып сағатында осы сұраққа жауап іздеді! 💻🔐  📚13.10.2025 күні «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» атты сынып сағаты өтті. Сынып сағаты барысында балалар интернет кеңістігіндегі қауіп-қатерлер, жеке деректердің қауіпсіздігі, кибербуллингтен қорғану жолдары, және ақпаратты саналы қолдану туралы пайдалы ақпарат алды.  Сынып сағатының мақсаты: Оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру, интернет кеңістігінде қауіпсіз әрекет ету мәдениетін қалыптастыру, жеке мәліметтерді қорғаудың маңыздылығын түсіндіру және киберқауіптерден қорғану жолдарын үйрету.  💬 Ашық диалог, нақты мысалдар, шынайы пікірлер – бәрі оқушылардың санасында «Интернетте де тәртіп керек!» деген түсінікті бекіте түсті.  ✨ Қауіпсіз цифрлық кеңістік — саналы ұрпақтың қолында!



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено