Педагогикалық өсу аймағы – бұл педагогтер үшін кәсіби шеберлігін арттыруға, өз тәжірибесін таныстырып, әріптестерімен тиімді әдіс-тәсілдермен алмасуға мүмкіндік беретін маңызды алаң. Осы мақсатты жүзеге асыру аясында, 2025 жылдың 20 қарашасында «№ 28 жалпы білім беретін мектеп» КММ базасында облыстық «Педагогикалық өсу аймағы» байқауы алғаш рет өтті.
Байқауға облыстың 100-ден астам педагогі қатысып, өздерінің озық тәжірибелерін ұсынды. Қатысушылар заманауи әдіс-тәсілдер мен инновациялық технологияларды пайдалану арқылы білім сапасын арттыруға өз үлестерін қосты. Іс-шара барысында педагогтердің шығармашылық ойлау дағдылары, оқыту мен тәрбиелеуге байланысты кейстік тапсырмаларды шешу шеберлігі, жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын қолдану тәсілдері, интерактивті әдістерді пайдалану қабілеті және оқушылармен тиімді қарым-қатынас жасау дағдылары бағаланған болатын.
Іс -шара педагогтердің кәсіби тәжірибесін бөлісетін орта болуымен қатар, олардың шығармашылық қабілеттерін ашуға, инновациялық ойлауын дамытуға және заманауи технологияларды білім беру үдерісіне тиімді енгізуге жол ашқан маңызды шара ретінде ерекшеленді.
Байқау материалдарына сілтеме: https://cloud.mail.ru/public/peJa/Rzfg4oCCJ