17 қараша күні «Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі» КММ 10-11 сынып оқушылары аудандық Мәдениет үйіне СҚМУ ұйымдастырған кәсіптік бағдар кездесуіне қатысты.
17 қараша күні «Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі» КММ 10-11 сынып оқушылары аудандық Мәдениет үйіне СҚМУ ұйымдастырған кәсіптік бағдар кездесуіне қатысты. Кездесу барысында университеттің тыныс тіршілігі, факультеттер, оқытатын мамандықтар, оқуға түсу шарттары туралы ақпарат берілді. Оқушыларға жадынамалар таратылып, қажетті мамандардан кеңестер алуға мүмкіндік болды. Жақсы көңіл-күй сыйлау мақсатында түлектерге арналған әндер, билер, ойындар ұйымдастырылды.