20 қазан 2025 жылы Республика күні қарсаңында «Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Ұшқыр ой» жобасы аясында мектепшілік бірлестік құрамындағы мұғалімдер арасында пікірсайыс турнирі өтті. Турнир тақырыбы – «Егемендік – ұлт болашағы». Мұғалімдер өзара ой бөлісіп, ел Тәуелсіздігі, ұлттық құндылықтар мен болашақ ұрпақ тәрбиесі туралы тұшымды пікірлерін ортаға салды. Іс-шара барысында ұстаздар шешендік шеберліктерін, талдау қабілеттерін және сыни ойлау деңгейін жоғары дәрежеде көрсете білді.
🥇 Дебат қорытындысы бойынша: I орынды «Жұлдыз» командасы ІІ орын «Қыран» командасы ІІІ орынды «Жалын» және «Өркен» командалары иеленді 📚 Бұл турнир – ұстаздар қауымының шығармашылығын, белсенділігін арттырып, кәсіби даму мен рухани жаңғыруға жол ашатын тың алаң болды. #Адал_азамат #ҰшқырОй