“Ұшқыр ой алаңы” жобасы
2025 жылдың 19 қарашасында
“Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі” КММ-де “Ұшқыр ой алаңы” жобасы аясында дебат фракциясының жетекшісі Ергеш К.Б. ұйымдастыруымен 6-сынып оқушылары арасында “Әкеге – ізет, анаға – құрмет” тақырыбындағы пікірсайыс турнирі өткізілді.
Турнирдің мақсаты:
Оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту, өз көзқарасын дәлелді түрде қорғауға үйрету, шешендік шеберлігін арттыру, ата-анаға құрмет көрсету жөніндегі ұлттық құндылықтарды дәріптеу және оқушылардың пікір алмасу мәдениетін қалыптастыру.
Турнир барысында қатысушылар өз ойларын еркін жеткізіп, өзара сыйластық пен мәдениетке негізделген пікірталас жүргізді.
Турнир қорытындысы:
I орын – “Депутат” командасы
II орын – “Ақыл желі” командасы
III орын – “Сұңқар” және “Бірлік” командалары
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Білімді, ойлы, сөзге шешен оқушыларымыздың жетістігі арта берсін!
#Адал_Азамат
#ұшқыр_ой_алаңы