«Жасөспірімнің ұйқысы мен психикалық денсаулығы»
Ата-аналарға арналған дәріс өтті
17.10.2025 ж күні Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, 10–11 сынып ата-аналарына арналған «Жасөспірімнің ұйқысы мен психикалық денсаулығы» тақырыбында дәріс өткізілді.
Дәрістің мақсаты – жасөспірімдердің психикалық саулығын сақтау, ұйқы режимінің маңызын түсіндіру және ата-аналардың балаларына қолдау көрсету мәдениетін қалыптастыру.
Кездесу барысында ата-аналарға:
🔹 Ұйқының жеткіліксіздігінің жасөспірімнің мінез-құлқына, есте сақтау қабілетіне және оқу үлгеріміне әсері;
🔹 Психикалық денсаулықты сақтау жолдары;
🔹 Баламен сенімді қарым-қатынас орнату тәсілдері жөнінде кеңестер берілді.
Сонымен қатар, ҰБТ-ға дайындық кезеңінде оқушылардың эмоциялық жағдайын тұрақтандыру, уақыты мен демалысын тиімді ұйымдастыру туралы да пайдалы ақпараттар айтылды.
Дәріс соңында ата-аналар өз пікірлерімен бөлісіп, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.
🌿 Жасөспірімнің денсаулығы мен табысты болашағы – ата-ананың қолдауынан басталады!
#АтаАнаМектебі #Педагогикалық