Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушылары арасындағы пәндік олимпиаданың мектепшілік кезеңі өткізілді. Олимпиада 6 пән ( қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, қазақстан тарихы, математика, жаратылыстану) бойынша өтті. Олимпиаданың мектепішілік кезеңіне 5 және 6 сыныптар бойынша барлығы 54 оқушы қатысты. Қазылар алқасы олимпиада жұмыстарын тексеріп, І, ІІ, ІІІ орын жүлдегерлерін анықтады. Пәндер бойынша 5-6 сыныптардан барлығы І орын алған 12 оқушы олимпиаданың аудандық кезеңіне жолдама алды.