15 қараша – Ұлттық валюта күніне арналған сынып сағаттары өтті. 10.11.2025ж күні Ұлттық валюта күніне орай мектебімізде 1–11 сыныптарда бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Оқушыларға ұлттық валютамыз – теңгенің тарихы мен маңызы, қаржылық сауаттылық, адал еңбек арқылы табыс табудың мәні түсіндірілді. Сынып сағаттары барысында балалар ұлттық құндылықтарды құрметтеу, ел экономикасына үлес қосу жайында ақпарат алды. Мұндай іс-шаралар оқушылардың отансүйгіштік рухын және жауапкершілік сезімін қалыптастыруға бағытталды.