Қ Ұ Т Т Ы Қ Т А Й М Ы З 💐 Оқушыларға сөз өнерінің ерекшелігі мен жүйелі сөз саптау шарттарын меңгерту, сауатты әрі жатық сөйлеу дағдысын, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында 8–11-сынып оқушылары арасында өткен VII “Ділмар” республикалық байқауының аудандық кезеңіне қатысқан 10-сынып оқушысы Сырымқызы Ботагөз жүлделі І орынға ие болып, байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алды. Жетекшісі – Тайыр Балсұлу Марксқызы. Жетістік биігінен көрінген Ботагөз бен жетекшісі Балсұлу апайды мектеп ұжымы шын жүректен құттықтайды! Облыстық кезеңге сәттілік тілейміз!