Меню KDT

Новости

Главная Новости

2025 жылғы 24 сәуірде “Пески орта мектебі” КММ-де полицияның аға инспекторы Шупанов Д.С. 5-9 сынып оқушыларымен профилактикалық әңгіме жүргізді.

#Біртұтас тәрбие
2025 жылғы 24 сәуірде “Пески орта мектебі” КММ-де полицияның аға инспекторы Шупанов Д.С. 5-9 сынып оқушыларымен профилактикалық әңгіме жүргізді.
Кездесу барысында жоғары сынып оқушыларына қауіпсіз мінез-құлық ережелері, соның ішінде жүргізуші куәлігінсіз көлік құралдарын басқаруға жол берілмейтіні, кешкі уақытта ересектердің қарауынсыз жүрудің жауапкершілігі және ата-аналарды хабардар етпей өз бетінше ауданнан шығуға тыйым салынатыны туралы еске салынды.
Инспектор мұндай әрекеттердің салдары туралы егжей-тегжейлі түсіндіріп, оқушыларға өз қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті еске салды. Әңгіме еркін форматта өтті, балалар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алды.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено