Іс-шараның мақсаты: оқушыларды “Жасырма” түсінігімен, оның қауіптілігімен және заң алдында қарастырылған жауапкершілік шараларымен таныстыру болды. Видео барысында интернеттегі және көшедегі “Жасырма” тәсілдері, есірткі таратудың жасырын жолдары, сондай-ақ мұндай әрекеттердің ауыр құқықтық салдары түсіндірілді.
Оқушылар бейнематериалды мұқият көріп, тақырып бойынша пікір алмасып, қауіптен сақтану жолдарын талқылады. Іс-шара жасөспірімдерге құқықтық сауаттылықты арттыруға және зиянды әрекеттерден аулақ болуға бағытталды.