"№2 Новоишим орта мектебі" КММ- де бастауыш сыныптар апталығының жабылуы өтті. Апта бойы оқушылар түрлі іс-шараларға қатысып, қызықты байқаулар, шығармашылық тапсырмалар орындап, сондай-ақ ашық сабақтарға қатысып, өздерінің белсенділігі мен қызығушылығын көрсете алды.
Көңілді үзілістер ерекше атмосфера сыйлап, балалар ойын ойнап, сайысып, достық және жылы ортада уақыттарын көңілді өткізді.
Аптаның қорытындысы бойынша ең белсенді және үздік қатысушылар грамоталармен марапатталды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Барлық оқушыларға еңбектері, ынталары және көтеріңкі көңіл-күйлері үшін алғыс айтамыз!