Ауыл мектептерінің 9–11 сынып оқушыларына арналған облыстық олимпиада
Ауыл мектептерінің 9–11 сынып оқушыларына арналған облыстық олимпиадада "N2 Новоишим орта мектебі" КММ-нің 10 "Б" сынып оқушысы Тунчик Дарья орыс тілі мен әдебиеті пәнінен жүлделі
III орынға ие болды.
Дарьяның бұл жетістігі– талпыныс пен табандылықтың, білімге деген зор құлшыныстың нәтижесі.
Жетекшісі: орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айтжанова Р.К.
Ұстазының еңбегі мен қолдауы үшін алғыс білдіреміз.
Олимпиаданың мақсаты:
Еліміздің шалғай елді мекендеріндегі дарынды және талантты оқушыларды анықтау, олардың қабілеттерін дамытуға жағдай жасау және халықаралық білім додаларына қатысуға ынталандыру.