Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Құстарға арналған жемсауыттарды ретке келтіру»

«№2 Новоишим орта мектебі» КММ-де еріктілер отряды мектеп аумағында «Құстарға арналған жемсауыттарды ретке келтіру» бойынша игі іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында оқушылар жемсауыттарды тазалап, қайта бекітіп, оларды жеммен толықтырды. Осындай жұмыстар арқылы еріктілер қыс мезгілінде қыстайтын құстарға қолайлы жағдай жасауға өз үлестерін қосты.
Акцияның негізгі мақсаты: оқушылар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа деген жанашырлық пен жауапкершілікті арттыру болып табылады.
Мұндай игі бастамалар оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, олардың азаматтық белсенділігін де дамытады.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено