Біз бір-бірімізді түсінеміз» атты ақпараттық сағат
2025 жылдың 14 қараша күні «№2 Новоишим орта мектебі» КММ кітапханасында Толеранттылық күніне орай «Біз бір-бірімізді түсінеміз» атты ақпараттық сағат өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: оқушыларға толеранттылықтың мәнін түсіндіру, өзара сыйластыққа, қолдау көрсетуге, түсіністікпен қарауға тәрбиелеу.
Іс-шара барысы: кітапханашы кіріспе сөз сөйлеп, қазіргі қоғамда толерантты болудың маңыздылығын түсіндірді. Оқушыларға презентация ұсынылып, онда толеранттылықтың негізгі қағидалары мен өмірден алынған мысалдар көрсетілді.
Оқушылардың бір-бірін қаншалықты жақсы түсінетінін анықтау мақсатында «2 шындық, 1 жалған» атты қызықты ойын өткізілді. Бұл ойын балалардың бір-бірімен ашық әрі сенімді қарым-қатынас орнатуына мүмкіндік берді.
Оқушылардың белсенділігі: шараға қатысқан оқушылар толеранттылықтың маңызы туралы өз ойларымен бөлісіп, бір-біріне көмек көрсету, сыйластық пен түсіністік танытудың қаншалықты қажет екенін атап өтті. Іс-шара достық және жылы атмосферада өтіп, оқушыларға жағымды әсер қалдырды.