Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының өкілдерімен кездесу
2025 жылғы 11 қараша күні «№2 Новоишим орта мектебі» КММ-де Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының өкілдерімен кездесу өтті.
Академия өкілдері 11-сынып оқушыларына оқу бағыттары, түсу шарттары және азаматтық қорғау саласындағы қызметтің мүмкіндіктері туралы әңгімелеп берді.
Оқушылар кездесуге қызығушылықпен қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құтқарушы мамандығының жауапты әрі мәртебелі екенін білді.