Мектебімізде әр жұма күні ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Домбыра – қазақтың жүрегі» атты шара өткізіледі. Бұл күндері оқушыларымыз домбыра тартып, күй шертіп, қазақтың бай мұрасын насихаттайды. Мұндай бастамалар жас ұрпақтың рухани дамуына, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған.