2025 жылдың 7 қараша күні "№2 Новоишим орта мектебі" КММ-де кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта көшеде немесе ойын-сауық орындарында жүруінің алдын алу мақсатында түнгі рейдтік іс-шара өткізілді. Рейдті Бугубаева Р.Д., Уразбекова С.Қ. және Герт Р.А. жүргізді. Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтың алдын алу және жасөспірімдердің жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Мұндай іс-шаралар жасөспірімдердің тәрбиесіне, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті нығайтуға зор ықпал етеді.