Жұма ұлттық құндылықтарды дәріптеу күні : Ұлттық өрнек, ұрпақ өрнек!
Жұма сайын – жаңа шабыт! ⠀ Мектебімізде үшінші жыл қатарынан дәстүрге айналған "Жұма күнгі іс-шаралар" өз жалғасын табуда! ⠀ Биыл бұл бастама тақырыптық бағытта өтіп жатыр. Әр жұма сайын кезекші сынып өз шығармашылығын, дарынын, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігін танытып, түрлі мәдени-танымдық іс-шаралар ұйымдастыруда. ⠀ Мақсат – оқушылардың ұйымшылдық қасиетін арттыру, сахнада сөйлеу шеберлігін дамыту, туған елге, тілге, тарихқа деген қызығушылығын ояту. ⠀ Жастардың энергиясы мен ұстаздардың жетекшілігі арқасында әр жұма – мерекеге айналып отыр! ⠀ Іс-шаралардан қызықты сәттермен алдағы посттарда бөлісіп отырамыз. Бізбен бірге болыңыздар!