Бүгін мектебімізде “Біртұтас тәрбие” бағдарламасының аясында Ұлттық құндылықтар күні аталып өтті. Сынып жетекшілеріміздің ұйымдастыруымен оқушылар әртүрлі қызықты ойындар мен викториналық сұрақтар дайындап келген екен. Оқушыларымыздың барлығы дерлік аталмыш іс-шараға белсене қатысып, сұрақтардың бәріне мүдірмей жауап беруге тырысып бақты.
Ұлттық құндылықтарды насихаттау арқылы біз өскелең ұрпақтың бойына рухани байлықты сіңіріп, тарихымызды терең түсінуге мүмкіндік береміз. Қазақ халқының салт-дәстүрі мен өнерін дәріптеу жолында аянбай еңбек етейік!