2025 жылы 4 қарашада “Ефимовка негізгі мектебі” КММ жалпыреспубликалық мәдени-ағартушылық жоба – «Ұлттық диктант» іс-шарасы өткізілді. Бұл бастама мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға, азаматтардың жазу сауаттылығын жетілдіруге және ұлттық бірегейлік пен тілдік мәдениетті нығайтуға бағытталған. Іс-шараға мектеп ұжымы белсене қатысып, өздерінің мемлекеттік тілдегі сауаттылық деңгейін сынап көрді. Іс-шара соңында қатысушылар өз жұмыстарын тексеріп, бағалау критерийлерімен танысты. Мұндай іс-шаралар мемлекеттік тілге деген құрметті арттырып, жазу мәдениетін қалыптастыруға зор үлес қосады.