06.10.2025 ж. мектебіміздің 8–10 сынып оқушылары TurkicSkills 2025 – алғашқы халықаралық кәсіби шеберлік чемпионатына барып қайтты. 🌍 TurkicSkills 2025 — түркітілдес елдердің кәсіби мамандарының біріккен алаңы. Бұл чемпионатқа Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан және Венгриядан 70-тен астам қатысушы қатысты 🇰🇿🇹🇷🇦🇿🇰🇬🇺🇿🇹🇲🇭🇺. Алаңда түрлі жұмысшы мамандықтар көрмесі ұйымдастырылды: 🍳 аспаздық 🖌️ графикалық дизайн 👗 сән технологиясы 🛠️ сантехника және жылыту 🔥 дәнекерлеу 💻 бизнеске арналған ІТ шешімдер және тағы басқа құзыреттер көрсетілді. Чемпионат оқушыларға өте жағымды әсер қалдырды ✨. Кейбіреулер тіпті өз мамандық таңдауын өзгертуге шешім қабылдады 🎯 Кәсіби бағдар беруші: Бекдаулетова Жанаргүл Жалғасқызы