Меню KDT

Новости

Главная Новости

Заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету

🇰🇿2025–2030 жылдарға арналған «Заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету» мемлекеттік тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында Астана қаласы прокуратурасының бастамасымен “Болашақ прокурор” клубы құрылды.

Аталған іс-шараға Ы.Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясының директоры Г.Жарменова және 10 «Ә» сынып оқушысы Қабдешова Айша қатысты.

Жобаның негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру және көшбасшылық қабілеттерін дамытуға бағытталған тұрақты тетіктерді енгізу.

Клуб құрамына Сарайшық ауданы мектептерінің белсенді оқушылары енді.

🏆Жаңа жобаға сәттілік тілейміз!











Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено