📚 «Тіл мұрасы – ұлт қазынасы»
📚 «Тіл мұрасы – ұлт қазынасы»
Әдістемелік орталықтың жұмыс жоспарына сәйкес, бүгін Петропавл қаласының «Баларман» балабақшасында «Алпамыс» балабақшасының педагогтерімін бірлесіп облыстық «Тіл мұрасы» жобасы аясында маңызды облыстық семинар ұйымдастырылды. Семинардың негізгі мақсаты – ана тілімізді сақтау, дамыту және жас ұрпаққа ұлттық тіл құндылықтарын жеткізудің тиімді жолдарын қарастыру.
Бағдарлама аясында рухани мұраға толы ұлы ойшыл «Абай оқулары» сайысына педагогтеріміз бен тәрбиеленушілер қатысып, олардың өнерін тамашалап және қазылар алқасы ретінде бағалауға шақырылып қатысқан қонақтарымыз:
Тәжін Жангелді Уақпанұлы – Облыстық білім басқармасындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы,
Мұхамеджанов Жанат Қабдолрақымұлы – «Сенімен болашақ» РҚБ СҚО филиалы басшысы және «Халықаралық Қазақ тілі» қоғамының төрағасы
Оқашева Нұргүл Әбдімұратқызы - Солтүстік Қазақстан газетінің бас редакторы,
Қожабекова Ботагоз Сапаровна - М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің тарих мұражайының директоры,
қазылар мүшелері әділ бағаларын беріп, лебіздерін білдірді.
🔹 Шара барысында:
– «Тіл мұрасы» жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылды;
– тіл мамандары, әдіскерлер және ұстаздар тәжірибе алмасты;
– тіл үйретудегі заманауи әдістемелер талқыланды;
– қатысушылар өз ұсыныстарын білдіріп, ортақ пікір алаңы қалыптасты.
✨ Семинар мемлекеттік тіл саясатын дамытуға серпін беріп, өңір педагогтерінің кәсіби деңгейін арттыруға үлкен мүмкіндік жасады.
Іс-шараға қатысып, белсенділік танытқан барлық мамандарға алғыс білдіреміз!