«Буллингтен қорған» тренингі өтті 04.12.2025 ж күні 5-8 сынып оқушылары үшін «Буллингтен қорған» атты түсіндіру және алдын алу бағытындағы тренинг өткізілді. Тренингті мектеп психологы Шагеда Ұлболсын мен әлеуметтік педагог Наурызова Айманай жүргізді. Іс-шара барысында оқушыларға буллингтің түрлері, оның салдары, одан қорғану жолдары түсіндіріліп, түрлі жағдаяттар талқыланды. Сонымен қатар, қарым-қатынастағы сыйластық, өзара қолдау және қауіпсіз орта құрудың маңызы ерекше атап өтілді.