✨«Тіл мұрасын дәріптеген ұстаз – елдің рухын биіктетеді, білімді жаңғыртқан ұстаз – болашақты нықтайды»
«Тіл мұрасын дәріптеген ұстаз – елдің рухын биіктетеді, білімді жаңғыртқан ұстаз – болашақты нықтайды»
2025 жылдың 9 желтоқсанында «Мұрат Айтхожин атындағы №1 орта мектеп» КММ базасында «Жаңашыл ұстаз – сапалы білім» және «Тіл мұрасы» жобаларын жүзеге асыруда әдістемелік сүйемелдеу көрсетуге арналған облыстық семинар өтті.
Іс-шара педагогтердің кәсіби құзыреттілігі мен шығармашылық әлеуетін арттыру арқылы білім сапасын жақсарту, оқу үдерісіне инновациялық әдіс-тәсілдер мен заманауи технологияларды енгізу, сондай-ақ мұғалімдер арасында өзара тиімді тәжірибе алмасуға жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылды.
Семинар барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 30-ға жуық мұғалімге цифрлық құралдарды тиімді қолдану, жасанды интеллекттің білім беру саласындағы мүмкіндіктері таныстырылды. Сонымен қатар «Тіл мұрасы» жобасы аясында оқушылардың күнделікті өмірде, мектепте және қоғамдық ортада қазақ тілін еркін әрі мәдениетті қолдануына қолайлы тілдік орта қалыптастырудың маңызы талқыланды.
Шара соңында қатысушылар ұсынылған әдістемелік материалдармен бөлісіп, өз тәжірибесіне енгізуге болатын жаңа тәсілдерді талқылап, кәсіби қарым-қатынасты нығайтты.