Сұлтанбек Қожановқа арналған мұражайдың салтанатты ашылуы.
Бүгін мектептебімізде XX ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген қазақтың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері. Ол Алаш кезеңіндегі саяси процестерге белсене араласып, Түркістан өлкесіндегі ұлттық мүддені қорғаған тұлғалардың бірі, мемлекет және саяси тұлға Сұлтанбек Қожановқа арналған мұражайдың салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға С.Қожановтың туыстары, Қожановтанушы ғалымдар, қоғам қайраткерлері, ұстаздар, оқушылар қатысты. Жаңадан ашылған мұражайда С.Қожановтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметін таныстыратын құнды материалдар, мұрағаттық деректер мен фотосуреттер, тарихи жәдігерлер қойылған. Мұражайдың басты мақсаты ұлт қайраткерінің өмірі мен қызметіне қатысты тарихи деректерді жинақтап, сақтау және өскелең ұрпаққа ұсыну.Салтанатты жиын барысында қонақтар сөз сөйлеп, мұражайдың білім беру үдерісіндегі маңыздылығын атап өтті. Мектеп директоры Б.Баймуратова Сұлтанбек Қожановтың ел тарихындағы рөлін айта келе, мұражай оқушыларға патриоттық тәрбие беруде маңызды орталыққа айналатынын жеткізді. Сондай-ақ, келген қонақтар ізденімпаз ұстаздар құрастырған «Қожановтану әлемі» үстел ойынын ойнады. Үстел ойынының мақсаты Сұлтанбек Қожановтың өмірі мен шығармашылық мұрасын қызықты ойын үстелі арқылы таныстыру, ойыншылардың оның қоғамдық-саяси қызметі, еңбектері мен әдеби-публицистикалық мақалалары, өлеңдері, отбасы, өмірбаяны туралы білімін кеңейту. Ойын тарихи қызығушылықты арттырып, оқушылардың ойлау қабілетін, талдау дағдысын дамытуға бағытталған. Шара соңында қонақтар мен мектеп ұжымы естелік суретке түсті. ВИДЕО КӨРУ