Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 110 жыл
Жазушы, қоғам қайраткері, Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 110 жыл толуына орай "Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі" КММ-нің кітапханашысы Баймульдина Г.К. 8-сынып оқушыларымен танымдық сабақ өткізді.
Сабақ барысында оқушылар батыр тұлғаның өмір жолы, ерлігі, Ұлы Отан соғысындағы қалың жұртқа үлгі болған қаһармандық істерімен, сондай-ақ оның әдебиетке қосқан үлесімен танысты. Мәлік Ғабдуллиннің жазушылық шеберлігі мен отансүйгіштік ұстанымы туралы қызықты мәліметтер ұсынылып, көрнекіліктер мен кітап көрмесі көрсетілді.
Іс-шара оқушылардың тарихи санасын қалыптастыруға, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және батыр тұлғалардың өмірін өнеге тұтуға бағытталды. Оқушылар белсенді қатысып, өз сұрақтарын қойып, пікір алмасты.