"Ұшқыр ой алаңы" жобасы аясында "Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі" КММ-нің 6-сынып оқушыларымен "Ұлы халықтың – Ұлы Абайы" тақырыбында зияткерлік ойын өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы тереңірек мағұлмат беру, зияткерлік ойлау қабілеттерін дамыту, ұлттық құндылықтарға қызығушылығын арттыру және шығармашылық ізденіске ынталандыру.
Ойын барысында қатысушылар Абайдың өлеңдері, қара сөздері, өмір жолы туралы сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін шыңдады. Іс-шара оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, ұлы тұлға мұрасына деген құрметін арттырды.