Бастауыш сыныптар апталығы аясында 19 қараша күні 4-сыныптардан құралған топтар арасында ағылшын тілінен "Happy English" атты қызықты квиз ойыны өтті.
Сыныптан тыс іс-шараның мақсаты:
– өткен оқу бағдарламасын еске түсіру;
– оқушылардың ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру;
– топтық жұмысқа, бір-бірін қолдауға тәрбиелеу.
Квиз 6 түрлі айналымнан тұрды. Оқушылар жеңіл тапсырмалардан күрделілеріне дейін бар ынтамен жауап беріп, білімін, жылдамдығын және топтық үйлесімділігін көрсетті.
Нәтижесінде:
4 "Ә" сыныбы – 26 ұпай
4 "А" сыныбы – 24 ұпай
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Барлық қатысушыларға белсенділігі мен жоғары дайындықтары үшін алғыс айтамыз.
Балаларымыздың білімге деген талпынысы арта берсін!