«Жеке қауіпсіздік және баланы зорлық-зомбылықтан қорғау»
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес бастауыш сынып мұғалімдері Увалиева Б.А. мен Амиржанова Г.Е. 4-сынып ата-аналарына арналған «Жеке қауіпсіздік және баланы зорлық-зомбылықтан қорғау» тақырыбындағы бала қауіпсіздігі бойынша тренинг өткізді. Тренинг мақсаты: Басауыш сынып оқушыларының жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ата-аналардың педагогикалық құзыреттілігін арттыру, балаларды зорлық-зомбылықтың кез келген түрінен қорғау жолдары туралы білімдерін толықтыру және отбасында қауіпсіз орта қалыптастыруға қолдау көрсету.
Тренинг барысында оқушылардың қауіпсіз мінез-құлқын қалыптастыру, тәуекел жағдайларын анықтау және баланы әртүрлі зорлық-зомбылық түрлерінен қорғау жолдары талқыланды. Ата-аналарға баламен ашық қарым-қатынас орнату, қиын жағдайларды алдын алу және отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған ұсыныстар берілді.